QPOPER.KZ

Все самое интересное из мира Q-POP

Кореялық qpoper домбыра үйренуде

Сəлем, бұл — @zikroove!
Кəріс жігіті əр видеосын осылай бастайды. Шетелдік #qpoper қазір қазақ тілін жəне домбыра тартуды үйреніп жүр.

Джи Мин Соктың қазақша есімі — Ерасыл. Ютубтағы каналына қазақстандық q-pop əртістерге жасаған реакцияларын, сондай ақ қазақ тілін үйрену барысы туралы видеоларын салып отырады.

Инстаграм парақшасын қазақша, ағылшынша, кəрісше жүргізеді. Жақында Астанаға келу ойында бар. Билет те алып қойған. Ерасыл мамырдың 29-нан маусымның 20-на дейін елімізде болмақ.


Сіз ол туралы білетін бе едіңіз?

Поделиться ссылкой:

Tagged:

You Might Also Like