QPOPER.KZ

Все самое интересное из мира Q-POP

Black dial тобы қазір қайда?  Қос рэпер неге кетті?

Ақпан айында продюсер Есболат Беделхан топтан екі рэпердің кететінін хабарлаған еді. Тіпті, олардың орнын алмастыратын өнерпаздарға кастинг жариялаған болатын.

Ал жақында аталмыш рэперлер —  Ескелді Қуандық (L)  пен Самат Қазмағамбет (Teddy) баспасөз мəслихатын өткізді.


Жігіттер жиынға екі оққағармен жəне заңгермен келген. Олардың айтуынша, осы уақытқа дейін продюсерден зəбір көрген.Жұмыс барысында адам құқығын таптау орын алған. Ақша алмақ түгілі, би, əннен жаттығатын орындармен қамтамасыз етілмеген. Келісім-шартты оқымай қол қойғандықтан, қазір 96 млн тг қаражат төлеуге мəжбүр болып отыр.

Алайда,  іс сотқа дейін жетсе, жеңіп шығатындарына сенімді.Есболат Беделхан бұл туралы: «Мені сотқа береміз дегені күлкімді келтірді. Сот бола ма? Шағым қандай болады? Оның да өз салалары бар. Күлкім келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының да бұны шын деп ойлап, таратып жатқандарын түсінбеймін. Маған қызық емес»,- деп жауап берген.

Қос рэпер қазір «EQ» деп аталатын жобаларын  ұсынып, «дəрумен» атты туындыларын жарыққа шығарды. Ал Black dial тобы үш вокалистпен жұмысын жалғастырып келеді.

Поделиться ссылкой:

Tagged:

You Might Also Like