QPOPER.KZ

Все самое интересное из мира Q-POP

Екі қатысушы q-pop idols жобасын жалғастырмайтын болды.

Әзиза Әуезмұратова  мен Ұлжан Мәсімхан жобаны жалғастырмайды. Бұл туралы Q-pop idols-тың кезекті санында белгілі болды. Асыл Беделханның айтуынша, олар сайыс барысында өздерін толық аша алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Әзиза  — Ақтөбе қаласынан келген. Жасы — 14-те. Рэп орындаушы.

Ал Ұлжан Алматы қаласының тумасы, жасы 18-де. Вокалист және рэп орындаушы.

Қос өнерпаздың жанкүйерлері қазір олардың парақшаларында жаппай қолдау көрсетуде.

«Сенің өтпей қалғаныңа қатты жыладым. Шынымды айтсам, қазір де жылап отырмын», «Топтан шығып қалды, обал-ақ», — дейді Әзизаның жанкүйерлері.

Ұлжан болса, өз парақшасында: «соңғы жарты жыл маған ауыр болды. Өйткені, жақындарымнан алыста болып(қазір де алыстамын), қажет қолдауды ала алмадым. Өмірімнің бұл бөлігінде жолым болмағанын мойындаймын. Әлі жасым құрғаған жоқ. Алайда сіздер менімен бірге қалып, барлық қуанышты және мұңды сәттерімді бөлісесіздер ғой? Бәрі алда», — деп жазды.

Қазір Q-pop idols жобасында 10 қатысушы қалды. Сайыстың келесі санында финал өтеді. Оған 91 тобы да қатыспақ.

Поделиться ссылкой:

Tagged:

You Might Also Like