QPOPER.KZ

Все самое интересное из мира Q-POP

Riza: «Əлемім емес» — ішкі жан-дүнием жайлы əн

Q-pop əлеміне жаңа қосылған есімнің бірі — Riza. Таяуда «Əлемім емес» дебюттік əнін ұсынған болатын. Əншімен сұхбаттасудың сəті түскен еді.

—  Riza, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет! Дебютіңізбен құттықтаймын!
 Бұл күнге қанша уақытта жеттіңіз?  Үлкен экранға шыққанға дейін қандай да бір қиындықтар болды ма?
RIZA: Үлкен саxнаға шығуды ән айтып бастағаннан бері армандағанмын. Бірнеше жыл тырысып келе жатырмын,үлкен теле-жобағаларға қатысып көрдім. Бірақ маған өзімнің әндеріммен шығу үшін көп жұмыс жасау керек болды. Сондықтан бір жыл бойы дайындалдым. Әлі де өзіммен жұмыс жасап жатырмын.

 Өзіңізді q-pop орындаушыға жатқызасыз ба?
RIZA: Ия, өзімді q-pop әншімін деп санаймын.
Қазіргі уақытта продюсермен жұмыс жасап жатырсыз ба?
RIZA: Продюсер бар. Бірақ оның аты осы уақытта құпия.
Жаңа əуенді көпшілік тыңдармандар «хайп» деп бағалауда. Бұған не дейсіз?
RIZA: «Әлемім емес» әні — менің ішкі дүнием жайлы ән. Ешқандай xайп емес. Бұл — шын жүректен шыққан сөздер.
ALEM-мен қазір ара-қатынастарыңыз  қандай?
RIZA: Бұл сұраққа жауап бермейінші🙏
Бейнебаян түсіру жоспарда бар ма?
Бейнебаян жоспарда әрине бар. Əзірге қашан шығатыны белгісіз.

Отандық музыка көңіліңізден шыға ма, кімдерді тыңдайсыз?
RIZA: Отандық музыка…
Қазіргі шығып жатқан әртістердің көбісі менің көңілімнен шығады. Топтар да, жеке әншілер де. Маған еңбекқор әртістер ұнайды.
Ұнататын нақыл сөзіңіз(цитата)?
RIZA: цитаталар көп. Бірақ цитата қолдану деген әдет жоқ менде.  Орысша айтайын: «Нужно мыслить позитивно,так как мысли материализуются».

Адамдардың қандай қасиетін ерекше бағалайсыз?
RIZA: Адамның ең бағалайтын қасиеті —  ол өзінің берген сөзін ұстау. Егер жасай алмасаң, сөз берме. Сосын адалдық, жүректері таза адамдарды ұнатамын.
Тыңдармандарға айтарыңыз…
RIZA: Тыңдармандарым бақытты болсын. Мені қолдап жатқан жандарға алғысым шексіз. Ал мен сіздер үшін барлық күшімді салып тырысамын. Биікке бірге жетеміз деген сенімдемін.

 

Поделиться ссылкой:

Tagged:

You Might Also Like