Ninety one тобы «Men emes» атты жаңа альбомымен қайтып оралды. Eaglez-дарды көп күттірген жігіттер бірден 4 әнмен камбек жасады.

@ninetyone

Оның екеуіне бейнебаян жарық көрді. 1 тамызда «men emes» әнбаяны көпшілік назарына ұсынылып, ол бірден казютуб трендінің 1-орнына ілікті. Мұнда қазақтың киіз үйі, бүркіт, тазы сынды қазыналары көрсетілген.

youtube.com

Араға бір апта салып, жігіттер «bari biled» бейнебаянын жарыққа шығарды. Әлемдегі әлеуметтік мәселелерді көтерген туынды көпшіліктің назарын бірден аударды. Қазіргі уақытта ол 1 млннан астам қаралым жинаған.

youtube.com

Қазіргі уақытта «Көйлек» әні барлық платформаларда жүктеуге ашық. Әннің лирик-видеосы да 91-дің ресми ютуб парақшасында жарияланды.

Айта кетерлігі, жігіттер қазіргі уақытта «Juz Tour — 2091 турында». Тур Қазақстанның 11 қаласын қамтып, 23 тамыз күні аяқталады. Концерттерде Juz entertainment-тегі әртістер — Alba мен жаңадан құрылған DNA тобы да өнер көрсетеді.

@ninetyone
aya
bk.bz@bk.ru