Сәлем, достар! 91-ның жаңа туындысы қандай әсер қалдырды? Ән мен бейнебаянның не мағына беретінін ойланып көрдіңіздер ме? Qpoper.kz порталы да өз кезегінде decoding нұсқасын ұсынып көрмек. 

Бейнебаян  мынандай пайымдаудан басталады: «Кеше ғана бүгін ертең болған. Ал терезенің алдындағы шаң түскен кесе қалай тұрды, әлі де солай тұр. Суық күндері су да тоқтайды. Ал айналам кеудеме ауа жібермей, көзімнен жалын сұрайды. Қателіктерім тәжірибеге айналғанша, ертеңіме күте тұрсыншы дегім келді. Бірақ кеше  менің бүгінімді ұрлап кетті. Енді өзімнен сұраймын: «уайымның қажеті не?»   

Яғни, уақыт біздің еркімізден тыс өте береді. Ол біз тәжірибе жинап алғанша күтпейді. Бір кедергіден соң екіншісіне әкеп соқтырады. Ал айналаң тек көзіңнен жалын сұрайды. Барлығы солай болатынын білсек, уайымның қажеті не? 

Бейнебаянға тоқталайық. Аздаған үзінділерден кейін тығылмақ ойнап жүрген балаларды көреміз. Олар алаңсыз көрінеді. Алайда, соңында өз досын таба алмаған балада қорқыныш, уайым бар екенін көреміз. 

Одан соң сәбиін ұйықтатып отырған ана. Анада да уайым бар. Жайылып келе жатқан су соны білдіреді. 

Alem-нің су толы хауызда жатуы оның мұңға батып жатқанын білдіреді. Кейде уайымның бізді жайлап алатыны соншалықты, біз құздан құлап бара жатқандай, жер түбіне кіріп  кетердей боламыз.

Келесі кадрде Бала терезелері шегеленген қараңғы бөлмеден көреміз. Адам уайымдаған кезде барлық әлемнен алыстап,  жалғыз қалғанды ұнатады. Солай ыңғайлы. Бала кішкене кезіндегі армандарының орындалмағанына қаймығатын сияқты. Естеріңізде болса, тизерде қолындағы қағазды отқа жағып жіберетін еді. Жалынға оранған үй де Баланыкі деп пайымдаймыз. 

Зак ақ параққа бірдеңе жазып отырады, алайда ол бос. Мүмкін, ұзақ уақыт бойы шығармашылығында ештеңе шықпаған болуы мүмкін.  Бұл да уайым. 

Ace  болса өз мақсатына жету жолында барынша күресуге тырысады. Алайда, ол да айналасынан түрлі кедергілерге тап болады. Қабырғада «Таста», «Біздей бол», «Күлме», «Жас төк» деген сөздер жазылған. 

Бөлмедегі қара маталар да уайымды білдіреді. 

Бұдан соң жігіттерге келген қарсылықтарды көреміз. Асе-ке жігіттер шабуыл жасайды, Зактың жазбаларын шашып кетеді, т.б.

Az. Ол өзін-өзі көлікпен қағып кетеді. Яғни, бұрынғы өзін өлтіреді. Яғни, рөлде отырған Аz мен жерде жатқан Азамат — екі бөлек адам. Байқасаңыздар, жерде жатқан Азамат «Айыптамадағы» киімін киген. Зак оны құтқаруға келеді. Бірақ барлығы кеш. Азы реп-партиясында «Осы мен жақсы адаммын ба, жаман адаммын ба?» деп өзіне сұрақ қояды. Бұрынғы өзін көміп тастайтынын айтады. Ал оған дейін біреудің өміріне қол сұғып, «жеңіңді олай бүлдірмең»(батыстың сленгі) дейді, яғни біреудің өміріне араласып,  өз жүрегіңді кірлетпе дегені. 

Соңында Асе  кішкентай кезінде бала болып ойнаған егістікке келеді. Оның бала күнгі уайымы қазір жоқ. Енді ол қорықпайды.

Зак өз сөмкесін алып үйден кетеді. «Үй» деген бұл жерде тура мағынадағы үй емес, «Мұз»-да айтқандай, «Мен кеткен едім үйлеріңнен тар деп». Жалпы, таптаурындарға толы әлемнен. 

«Мынау тыныштық деп аталады, Басыңда жел болса, мынау тыныштық деп аталады», — деп өз рэп партиясын оқымай кетеді. 

Сөйтіп, барлығы қарсылықтарға қарсы жүгіреді. Тұңғиықта жатқан Әлем де оянады. 

Қандай мәселенің де шешімі болады. Ал шешім табылмайтын болса, оған уайымдап не керегі бар? Сондықтан, дым уайымдамаңыздар!

Міне, біздің нұсқамыз осындай.  Өз нұсқаларыңызды
info@qpoper.kz почтасына жіберулеріңізге болады. Міндетті түрде жариялаймыз.

Поделиться ссылкой:

aya
info@qpoper.kz